Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ 
30 шілде, 2018 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

Сенбі күні ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторы жəне "Шын жүректен" қайырымды-еріктілер тобының ұйымдастыруымен "Локоматив" стодионында "ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ" атты қайырымдылық турнирі өтті.

Ашылу салтанатында "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің наиб имамы А.Жексенов өзінің алғы сөзімен ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының ризашылығын жеткізді, сонымен бірге Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің бас имамы Н.Керімбеков жəне тағы басқа қонақтар ізгі тілектерін білдірді.

Турнирдің мақсаты жастарды мейірімділікке, ауызбіршілікке шақыру, толеранттылықты қалыптастыру, ең бастысы кішкентай Нұрсұлтан атты балақайға үміт сыйлау.
Ойын қорытындысы бойынша: 


І-орын: Байқоңырлық "Жəрімбет" мешіті,

ІІ-орын: Жаңақорғандық "Қожакент",

ІІІ-орын: "Қызылқұм" құрамаларына бұйырды.

Қайырымды жандардың ат салысуымен жиналған 150.000 теңгені Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің бас имамы ДЦП дертіне шалдыққан Нұрсұлтанның еміне көмек үшін деп көпшілік атынан ата-анасына табыстады.

Сонымен қатар, игі шараға жан-жақты атсалысқан қамқор-қайырымды жандарға жəне футбол командаларына алғыс хаттар табысталды.

Шара соңында, Нұрсұлтанның анасы Мая ханым игі шараға мұрындық болған және де көмек қолын ұсынған барша мейірімді жандарға аналық ықыласын білдірді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары