
30-тамыз күні ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті алқалы жиыны болып өтті. Жиынды өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлы басқарды. Жиынға қатысқан облыстық діни істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет Қоқанұлы бірінші кезекте мешіттер хал ахуалы, қажетті құжаттарды рәсімдеу бағыты, құқықтық тұрғыда алдағы уақыттарда ескеретін мәселелер туралы ақыл-кеңестер берді.
Жиын тізгін ұстаған өкіл имам Жолдас Қоспақұлы келесі кезекте имамдардың «Нұр Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты медреселерге шәкірттер дайындау, ілестіру барысы, Рамазан айы-Ораза айттағы зекет, ҚМДБ сараптамасы бойынша жарық көрген «Жаназа және діни рәсімдер» кітабынының таралуы, насихатталуы, алдағы Құрбан Айт мерекесі мен қажылық парызын өтеуге үміткерлердің дайындығы т.б кезек күтіп тұрған көптеген мәселелер жөнінде кеңінен таныстырып, арнайы тапсырмалар мен нұсқаулар берді.
Осы жолғы алқалы жиында айтылған басты назар аударарлық тақырып:
- қала, аудан, ауыл имамдарының жауапкершілігін арттыру, аталмыш деңгейлердегі мешіт жұмыстарының нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкіншіліктерін арттыру және имамдардың атқарып жатқан қызметтерінің нәтижесін бағалау, өзара бәсекелестікке шақыру, оларды ынталандыру мақсатында 2018 жылдың 01-тамызынан 01 қараша аралығында ұйымдастырылатын «Үздік имам» бәйгесі болды.
Бәйгеде басқару-бақылау жұмыстары, оқу-ағарту жұмыстары, уағыз-насихат жұмыстары, діни рәсімдер және құрылыс шаруашылық жұмыстары деген 5 көрсеткіш бойынша арнайы талаптар қойылды. Талаптардың орындалуы нақты істері арқылы мешіттердің орналасқан жерлерінде тексеріледі, атқарылып жатқан барлық жұмыстар pvl.mazhab@mail.ru поштасына келіп түскен мәліметтер арқылы бағаланып отырады. Сонымен қатар имамдардың атқарған барлық іс – шараларын облыстық орталық мешітінде арнайы құрылған комиссия мүшелері тексеріп, қадағалап отырады.
Пікірлер