Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: ЖАНТ жаңа қарқынмен жұмыс бастады
27 шілде, 2018 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

Кеше Алматы қаласы орталық мешіті ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен құрылған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің отырысы өтті. Бас қосуға Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Рахымжанұлы және Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысты.

Бас имам Еркінбек қари Шохаев имамдар үнемі көпшілік халықтың ортасында жүретіндігін еске салып, ел мен діннің мүддесін даналықпен, дұрыс насихаттай алу қажеттігін тілге тиек етті. Ал, басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы халық арасында зайырлы мемлекетіміздің ұстанымдарын, дініміздің өркендеуіне жасалып жатқан жағдайларды насихаттаудың маңызы зор екендігін айтты.

Жиын соңында Алматы қаласы көлемінде жүргізілетін насихаттық жұмыстардың жоспары бекітіліп, сол жоспарға сай оқу орындары, түзету мекемелері, мемлекеттік ұйымдар және халық көп шоғырланатын арнайы орындарда түсіндірме жұмыстары жасалатын болып келісілді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары