Оқушылар жазғы демалыс уақытына шыққан уақыттан бастап Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жазғы діни сауат ашу курсы басталған болатын.
Балаларға арналған сауат ашу курсы мешітімізде екі кезеңмен жүргізілді. Алғашқы кезеңде орталық мешітте 70-тен аса бала тәрбиеленіп, діни білім алып, сауат ашқан болатын. Бүгінде, сауат ашу курсының екінші кезеңі межелі мәресіне жетіп, өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.
Балаларға мешітіміздің ұстаздары мен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері дәріс берді. Шәкірттер тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер ойындар ойнап, өз араларында жарыстар өткізді, сонымен қатар киелі шаһардың көрнекті жерлерін аралап, түрлі серуендер де ұйымдастырылды.
Бүгін сол білім алған 75 шәкіртке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы өз қолымен сертификаттар табыс етті. Осы сауат ашу курсында дәріс алған 45 шәкірт қасиетті Құран Кәрімнің соңғы 15 сүресін толық жаттап шықты.
Данияр Әлимұхамедұлы:

Пікірлер