
ҚМДБ-ы 2018 жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялап, осы бағытта имам-молдалар, дін және мешіт қызметшілерінің атқаратын іс-қызметтерінің бағытын айқындаған бағдарлама қабылдаған еді. Сонымен қатар күн сайынғы 5 уақыт намаз арасында айтылатын уағыз-насихаттардың дені де осы тақырыпқа негізделіп келеді. Өйткені елімізде соңғы жылдары шаңырақ көтерген жастардың алдағы отбасылық өмірі бақытты да баянды болуы Тәуелсіз мемлкетіміздің гүлденіп көркеюінің бірден-бір кепілі болмақ.
Сондықтан да ҚМДБ-нан бекітілген бағыт бойынша «Ислам және отбасы» жылы аясында Павлодар облысы өкілдігі өткен мерзімде біршама игі істер атқарып келеді. Солардың бірі «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне неке қидыруға тізімделген жастарды өткен наурыз айынан бері әр аптаның бейсембі күні арнайы шақырып «Исламдағы отбасы», «Шариғат бойынша ері мен әйелінің бір-бірінінің алдындағы міндеттері мен құқықтары», «Отбасы жылулығы», «Ажырасу-Алла Тағаланың алдындағы ең жағымсыз амал» екендігі туралы көптеген тақырыптар бойынша уағыздар айтылып, ақыл-кеңестер беріліп келеді. Бұл іске мешіт имамдары мен ұстаздары белсене атсалысуда.
Осы аптаның бейсембі күні бұл шараны облыс өкілдігінің жалпы және жастар ісінің меңгерушісі, қалалық «Әбу Бәкір сыддық» мешітінің бас имамы Әкімбеков Біржан жүргізді.
Пікірлер