
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам және отбасы» жылының аясында ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі «Дала семинары» атты пилоттық жобаны жүзеге асырды.
Шығыс Қазақстан облысының «Бескөл» демалыс орны аумағына өкілдіктен бірнеше киіз үйлер тігілді. Жайлаудағы отбасылық үлгідегі далалық семинарға жамағаттар және демалушылар қатысты.
Көл жағасындағы тамаша табиғат аясындағы шараға апта бойында 50-ден астам демалушы-қатысушылар сонда орналасып, олар азық-түлікпен, жатын орынмен қамтамасыз етілді. Далалық семинар келушілерді тегін қабылдап, қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, әр уақыт сайын өкілдіктен имамдармен ұстаздар және мамандар арнаулы шақырумен келіп, қатысушыларға дәріс берді.
Шараның әр сәтін тиімді пайдалануға баса назар аударылып, арнаулы бөліс бойынша демалушылар арасында уағыз-насихатпен қатар спорттық сайыстар, салт-дәстүрден көріністер қойылып, тарихи әңгімелер айтылды.
Пікірлер