
Филиппин парламенті "Бангсаморо автономды ауданы туралы" заң жобасын қабылдады. Аталмыш заң жобасында "моро" деп аталатын мұсылман ұлысына дербес аудан қарастырылған.
Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі хабар таратты. Депутаттар мақұлдаған заң ел президенті Родриго Дутертеге табыс етілді. Қол қоюы үшін. Бұл заң мұсылман моролардың өз мәдени құндылығы мен дінін барынша еркін ұстанып, насихаттауына мүмкіндік бермек.
Пікірлер