
Исламның бес парызының бірі қажылық. Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге ниеттенген жамағат дайындықты бастап кетті. Семей аймағы «Қос мұнаралы» орталық мешітінде аталмыш аймаққа қарасты қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы 2 рет апталық курс ұйымдастырып, дәрістер өткізілуде.
Дәріс барысында қажылықтың шарттары мен ережелерін түсіндірді. Тауап қалай жасалатынын, Сафа мен Маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу қажеттігін түсіндірді. Қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін әрбір мәселені түсіндіріп өтті.
Қажылық курсы тамыз айының орта шеніне дейін жалғасатын болады.
Пікірлер