
Қасиетті жұма күні Баянауыл ауданы, Ақсаң ауылында жаңа мешітінің салтанатты ашылуы болды. Мешіттің ашылуына облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы қатысып мешіт салудың сауабы туралы жиналған халыққа уағыз айтты. Аудандық Мұса мырза мешітінің бас имамы Саян Қожин марқұмдар рухына Құран бағыштады.
Салтанатты ашылу рәсімінде Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әзілхан Əбеуов құттықтау сөз сөйледі.
Жаңа мешітті «Ансар» деп атау туралы ұсынысқа орай Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы сөз сөйлеп, мешіт атауына түсінік берді:
Сондай-ақ, өкіл имам ауыл тұрғындарына «Аңсар» мешітінің жаңа имамы Серік Кəрамбаевты таныстырды. Жас имам 2014 жылы Павлодардағы «Əбу Бəкір Сыддық» медіресесін тәмамдаған. Бұған дейін Павлодар қалалық «Әбу Бəкір сыддық» мешітінде наиб имам болып қызмет етті. Жас имамға ауыл тұрғындары құрмет көрсетіп, еңбегіне жеміс тіледі.
Павлодар облысы мен Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қорабай Шəкіров азаматтар ісінің сауаптан болуын тілесе, республикалық «Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбай жаңа имамның еңбек ақысын реттеп беруге уәде етті.
Бұдан кейін өкіл имам мешітте алғашқы жұма уағызын айтып, мешітте өткен алғашқы жұма намазына қатысты.
Пікірлер