Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсы аяқталды (ФОТО)
20 шілде, 2018 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен маусым айының  20-нан  шілде айының  20-сы аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің өкіл имамының қызметін атқарушы Кәрсембай Дархан Асылтайұлы арнайы сертификаттар мен арнайы сыйлықтар  табыстап, талапты бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Мектеп оқушыларының жаз маусымын пайдалы өткізіп әрі ислам діні жайлы таным көкжиегін кеңейту мақсатында өткен жазғы лагердің ең кішкентай шәкірті   5 жаста болса, ең үлкені 13 жаста. Жазғы сауат ашу курсы аясында мешітке келіп, сабақ алған қыз балалар мен ұлдардың жалпы саны 60 –тан асты. Сондай-ақ, шәкірттер сауат ашу, тәрбиелік сағаттарымен қоса  көрме ұйымдастырып, өздерінің қолдарынан шыққан әртүрлі суреттер мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Балалардың еңбектерін мешітке келуші жамағатпен қоса қонақтар да тамашалады. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.Сонымен бірге балалар арасында Құран, дұға және хадис жарыстары өтіп, белсенді қатысып орын алған шәкірттер  арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары