Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды қаласында ҚМДБ қызметкерлері арасында уағыз айту саясаты мен тәсілі жөнінде семинар болып өтті (фото)
20 шілде, 2018 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Шілде айының 19 күні Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарайтын қалалар мен аудандардың имамдарына арналған семинар болып өтті. Семинарды  ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа ашып, игілігі мол іс-шараға уағыз насихат айтты.

Аталмыш семинарда ҚМДБ- ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлы имамдардың халықтың алдына шығып, уағыз-насихатын жүргізуі, әрбір жүріс-тұрысы, сөз сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы жайлы түсіндіріп, имамның тыңдармандарын өзіне қарата білуі үлкен дайындықты қажет ететіндігін атап көрсетті.

Имамдардың көркем уағыз айту және шешендік қабілетін арттыру мақсатында өткен семинарда имамдарымыздың уағыз насихат айту барысындағы мәдениеті мен жұмыс сапасын арттыруы жайлы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, уағызшылардың дұрыс бағытта уағыз айтуының маңыздылығын жеткізді.

Семинар барысында қазіргі таңдағы дін мәселелеріне орай актуалды тақырыптар талқыланып, имамдардың халық алдында өзін-өзі ұстауы, дұрыс сөйлеуі, ойдың шашыраңқы болмауы, сөздің анық шығуы, уағызды дұрыс жеткізе алуы секілді біршама мәселелер қозғалып, қажеттілігі айқындалды. Игілігі мол іс шарадан имамдарымыз білімін шыңдап қайтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары