Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ресейлік «Союзпищепром» компаниялар бірлестігі сертификат жаңартты
16 шілде, 2018 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

Союзпищепром -  1898 жылдан бастап нарыққа макорон, ұн, дайын таңғы ас  өнімдері, дәнді-дақылдар, құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдерін шығарумен айналысатын  ресейлік компаниялар бірлестігі. "Союзпищепром" холдингі құрамына:

  1. "Союзпищепром" бірлестігі" ЖШС;
  2. "Варнендік нан өнімдері комбинаты" ЖШС;
  3. "Чебарқұлдық құс" ЖШС;
  4. "Павловтық" Агрофирма ЖШС кіреді.

Союзпищепром  бірлестігінің    Царь», «Союзпищепром» сауда белгісімен танылған макорон, ұн, сұйық май,табиғи май, дайын таңғы ас  өнімдері, дәнді-дақылдар, сүт, балаларға арналған кукуруз таяқшалары өнімдері ҚМДБ Халал Даму ЖШС эксперт мамандарының арнайы бақылауынан өтіп, халал сертификатқа ие болды. Бас эксперт-технологымыз А.Қуанышқызы арнайы Челябинск қаласына барып, қайта сараптама жұмысын жүргізіп,  сертификат табыстады.

Союзпищепром бірлестігінің президенті А.Берестов:

«Союзпищепром- барлық отбасына арналаған пайдалы және дәмді өнімдерді дайындаумен айналысатын компаниялар бірлестігі. Тамақ сәнді ғана емес, өмір сапасын төмендетпей керісінше жоғарылататындай қауіпсіз болуы керек», - деген қағиданы негізге алатындығын айтады.

Союзпищепром – соңғы үлгідегі Buhler AG, Mill servis, Hartmann, Linko, Zucami, Big Datchman, Muyang  секілді техникалық құралдармен жабдықталған.

«Союзпищепром», «Здоровое меню»,  "Царь", "Greenmilk", "Здоровое меню", "Честный продукт", "Хрусмайлики", "Солнышко"  сауда маркалы өнімдері Ресей ғана емес ТМД, АҚШ, Германия, БАӘ, Израиль, Түркия сынды мемлекеттерге экспортталады. Бұл өнімдердің  басты құндылығы – жоғары сапасы, жедел жеткізу қызметі, сервисті басқарудың қалыптасқан жүйесі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары