
Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимовтың ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің сауат ашу курсының шәкірттерінің қолдауымен «Білім және спорт» тақырыбы аясында бір күндік табиғат аясында спорттық шара оздырылды.
Білімді шәкірттер Теректі ауданы, Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінінің жағасында спорттық шараларға белсенді араласты. Табиғат аясындағы спорттық шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып, ауызбіршілік шақырды.
Шәкірттер бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы мен орталық мешітінің ұстазы Ринад Нұрланұлына толғандырған сауалдарын жолдап, ғибратты толы мәліметтер беріп, жүректеріне жеткізе білді.
Жастар жағы топ болып шағын футбол ойнап, арқан тартысып, күнге қыздырынса, ал балалар суға шомылып, бір күндерін қызықты сәттерге толтыра білді.
Спорттық шара облыс имамы, ұстаздар мен 50 астам шәкірттер қатысты.
Пікірлер