
Бүгін-қасиетті жұма күні өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жамағат алдында Павлодар облысы имамдарының ортасынан алғаш рет Исламтану ілімі бойынша PhD доктор болған қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Қайырбеков Нұрлан Евфратұлын ғылымдағы табысы үшін құттықтап, өз дәстүріміз бойынша иығына шапан жапты.
PhD доктор Нұрлан Евфратұлына жуырда ғана ҚР Білім және ғылым министрлігінің бақылау Комитетінен ғылыми атақтың өз дәрежесінде қорғалғандығын нақтылаған шешім шыққан еді.
Ол «Нұр-Мүбарак» университеті қарамағында ашылған дінтану бойынша диссертациялық кеңесте қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ислам ғұламала жайлы, яғни «Орталық Азиядағы мұсылман құқығы тарихында Мухаммад ибн Ахмад ал-Исфиджабидің (591/1196ж.) орны мен маңыздылығы(оның «Зад ал-фуқаха’» еңбегі негізінде)» атты зерттеуін өте сәтті қорғап шыққан болатын.
Mazhab.kz порталы да Нұрлан Евфратұлына:
Пікірлер