Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Проректор, профессор Шамшәдин Керім мерекелік төсбелгімен марапатталды
05 шілде, 2018 жыл 212 Басып шығару нұсқасы

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім арнайы төсбелгімен марапатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған мерекелік марапат ел дамуына елеулі үлес қосып, ерік-жігерлері мен білімдерін жұмсап, салиқалы ұрпақ тәрбиесінде саналы ғұмырларын сарп етіп жүрген жандардың еңбегіне алғыс іспеттес.

"Бұл менің ғана емес, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымына берілген марапат. Біздің университет тек маман даярлап қана қоймай, салауатты да иманды, білімді жастар тобының қалыптасуына ұйытқы білім ордасына айналғаны рас. Себебі Нұр-Мүбарак универсиетінде елімізге ең танымал, білімді де білікті дін мамандары, жас дарынды ғалымдар тобы шоғырланып үлгерді. Еліміз бойынша исламтанушыларды даярлауға маманданған жалғыз жоғары оқу орнына Орта Азия, ТМД елдеріндегі әріптестеріміз де қызығушылықпен қарайды. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак халықаралық деңгейде Мысыр мен қазақ елі арасындағы алтын көпір деуге болады", - деп проректор, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы еңбекке құрмет көрсетуші мемлекеттік орындарға алғыс білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары