Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас имам Казталов ауданында
05 шілде, 2018 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша өкіл имамы, облыстық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов жақында Казталов ауданының жамағаттарымен кездесті.

Алдымен аудандық мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев сыйлы қонақты күтіп алып, аудан имамы мешіттің атқарылып жатқан істерін баяндады.

Бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Казталов ауданына арнайы  келіп,  мешіт жамағаттарымен жүздесіп, «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, бесін намазын жиналған жамағатпен бірге намаз оқыды.

Сапар соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызының қабылдауында болып, облыс көлемінде имандылыққа байланысты істеліп жатқан жұмыстар жайын баяндап:

«Дінбасымыз Серікбай Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырған жұмыстары жамағаттың бірлігі мен жастардың имандылығы, шәкірттерге сауап ашу курсының жандануы, қайырымдылық шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді»,-деді облыс имамы.

Болашақта Казталов ауданына қарасты Талдықұдық, Қарасу, Жаңажол, Қараоба ауылдық мешіттеріне арнайы келіп, жұма намазын өткізіп, жамағатпен жүздесу  болатындығын хабардар етті. Сапар соңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Одан кейін арнайы іс-сапарын облыс орталығынан шалғай жатқан Жәнібек аудандық мешітіне жол тартты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары