Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер балаларға арналған жазғы сауат ашу курсын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.
Мұнайлы аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанындағы сауат ашу курсында 100-ге жуық бала білім алған болатын. Мешіт ұжымы бір ай бойы білім алған бүлдіршіндерді балаларға арналған ойын-сауық орталығына алып барып көңілдерін көтеріп, керемет қуаныш сыйлады. Ата-аналар балаларының имандылық әліппесін үйреніп, бос уақыттарын тиімді пайдаланғанын айтып, өз алғыстарын жеткізді.
Қасиеттi Құранда: «…Қайырдан не iстесеңдер, Алла оны күдiксiз бiледi», – делiнген («Ниса» сүресi, 127-аят).
Пікірлер