
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Соқырлар қоғамы» ұйымы мүшелері мен балалары облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қонақта болды.
Орталық мешіттің найб имамы Б.Улжаев балалар мен ата-аналарды ғимараттың сәулетті құрылысымен, салыну тарихымен, сондай-ақ мешіттің жаңа өзгерістерімен және жақында ашылған «Кеңес беру» орталығы, «Араб тілі» орталығы, «Құран жаттау» орталығы, «Облыстық діни кітапхана» жұмыстарымен таныстырды.
Бұдан кейін, қонақтар оқылған Құран Кәрім аяттарының сауабын ата-бабаларына бағыштап, дұға етті.
Бас мешітке жасалған кішігірім танысу сапары мешіт жанындағы асханада жайылған ақ дастарханнан дәм татумен аяқталды.
Балалар мен ата-аналар құлшылық мекенінде ұйымдастырылған кішігірім саяхатқа дән риза болып, өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы мен қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Пікірлер