Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов Бөкей-Орда ауданына арнайы іс-сапармен барған еді.
Арнайы келген қонақты аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қарсы алып, ауданның шығу тарихына ерекше тоқталды.
Кездесуден кейін «Ханордасы» ауылына арнайы келген облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов пен Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов және Нұрлан Саматұлын Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса Темірболатұлы, Әлихан Асқарұлы, тарихшы-өлкетанушы Гулмару Самиғоллақызы қарсы алды.
Бас имам Бөкей-Орда ауданы, Ханорда ауылындағы Қазақтың соңғы ханы Бөкей ұлы Жәңгір ханға, халық сазгері Дәулеткерей Шығайұлына, ғалым тарихшы-этнограф Мұхамед-Салық Бабажанұлына зиярат етіп, құран бағыштап, дұға жасады.
Арнайы келген қонақтармен бірге естелік суретке түсіп, қолжазбаларын жазып, сыйлықтарын табыстады.
Пікірлер