Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Журналисттерге құрмет көрсетілді
02 шілде, 2018 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуаншыұлы. Өңірдегі газет және телевидения саласында жемісті жұмыс істеп жатқан бір топ тілшілерді, журналистердің төл мерекесіне орай арнайы дастархан жайды.

Дастархан басында «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының Директоры Арсен Алдажарұлы,  ТВК- 6 телекомпаниясының бас директоры Омарбек Байуақов, «ТВК-6» телеарнасы Жұмадағы жүздесу бағдарлама жетекшісі Дүйсенбек Зейноллаұлы, Ертіс өңірінің бүгінгі редакторы Күлия Райс, Семейдің облыстық өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай, Ислам Нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан Тілеубердиев сынды бірқатар журналистер болды.

Өкіл имам Мақсат Қуанышұлы  жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып өңірдегі діни ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерін мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Ислам Нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан Тілеубердиев:

«Біздің еңбегімізді елеп, мерекеде жанымызды жадыратып, ықылас білдіргеніңізге алғыс айтамыз. Халық игілігі жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Барша әріптестерді мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!» — деді жүрек жарды сөзінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ хазреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын өкіл имам сыйға тартты.

«Журналист ағайындар мешіт пен оқырмандар арасындағы алтын көпір болып табылады. Біз алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істей береміз» — дейді өкілдіктің жауапты қызметкері Марат Дәкенұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары