Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жас түлектерге сәт сапар тіледі
02 шілде, 2018 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

Биылғы 2017-2018 оқу жылы Үшқоңыр медресе колледжінің бітіруші түлектері сынақ-емтихандарын ойдағыдай тапсырып, дипломдарын алды. Түлектерге дипломмен қатар қосымша кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың біліктілік сертификаттары табысталды. Жалпы 25 түлек бітірді. Олардың 6–ы үздік (қызыл) диплом иегері болды. Колледж ұжымы осы аптаның жұмасында түлектерді арнайы «Жас түлек 2018» атты мерекелік кеш ұйымдастырып,  сәтті сапар тілеп шығарып салды. Диплом тапсыру салтанатында ҚМДБ-дан арнайы наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы келіп, бітіуріші түлектерді құттықтап дипломдарын табыстады. Келесі кезекте осы шараға арнайы келген ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілі «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Наржанов Қуаныш мырза сөз алып, жас түлектерді құттықтады.

Колледж директоры Абзал Майлыбайұлы да:

«Осы оқу ордасынан алған ілімдеріңіз өмірлік жолдағы шамшырақтарыңызға айналып, діннің жолында адал қызмет етуші маман болуларыңызға шынайы тілектеспін. Мақсаттарыңыз биік, талаптарыңыз оң болсын! Барлықтырыңызға сәт сапар!»,- деп шәкірттерге жылы лебізін білдірді.

Директордың оқу бөлімінің орынбасарлары Б.Рахмашов пен И.Шадманда сөз алып бітіруші түлектерге сәтті сапар тіледі. Жас түлектер де жапа-тармағай Үшқоңыр медресе колледжінің әкімшілігіне, ұстаздарына ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары