Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынш өкіл имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов кезекті сапарын БҚО–нан шалғай жатқан Бөкей-Орда аудандық мешітінің жамағаттарымен кездесті.
Алдымен аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жылы жүзбен облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлын арнайы қабылдап, қазіргі таңда болып жатқан діни ахуалды баяндап, ауданның тыныс- тіршілігімен таныстырды. Кездесуде бас имам бұл ауданға алғашқы сапарын екенін айтып, асыл дініміздің өркендеуіне, дінбасымыздың Серікбай қажы Сатыбалұлының ыстық сәлемін жеткізіп, мүфтидің республика көлеміндегі атқарған діни іс-шараларын мақтанышпен жеткізді.
Еркебұлан Ыбырайымұлы жұма күні іс-сапармен аудандық мешітке ат басын тіреді. Бөкей-Орда аудандық мешітінің бас имамы Назымбек Иманғалиев қадірлі қонақты күтіп алып, ауданымыздың діни ахуалы, халықтың тыныс тіршілігі жайында сөз қозғап, аудан көлемінде атқарылған діни іс-шараларды айтып беріп, мешіттің ішкі жұмыстарын таныстырып шықты.
Жиналған жамағат алдында бас имам Еркебұлан Ресей жерімен шекараны бөлісіп жатқан ауданның діни ахуалы да еліміздің тыныштығын сақтап тұруда үлкен рөл атқарады. Дін мәселесі төңірегіндегі талап-сұраныс заман талабы деп түсіністікпен қарап, міндеттелген тапсырманы орындауымыз керек екенін жеткізсе, «Мұсылман және уақыт» турасында уағыз айтып, көпшілікті өзіңе баурап алып, жұма намазына жиналған жамағатпен сұхбаттасып халықтың ынтымақ-бірлігі, жамағат пен уақыт мәселесі жайында уағыз айтып, жиналған қауымды жұма күнімен құттықтап, мінбарға көтеріліп жұма намазын жамағатпен бірге өткізді.
Көпшілік қауым ризашылықтарын айтып, бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлына батасын беріп, естелік суретке түсті.
Жұмадан кейін ақжаулықты аналармен кездесіп, Жәңгірхан қоныс тепкен «Ханордасы» ауылдық мешітіне іс-сапарын жалғастырды.
Пікірлер