ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарада отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында министр Дархан Аманұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлын, сонымен қатар, дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласын кеңінен жариялап жүрген бірқатар республикалық басылымдар, телеарналар мен интернет ресурстардың өкілдеріне «Алғыс хат» тапсырды.
Салтанатты шарада сөз алған Ағабек Қонарбайұлы:
Айта кетейік, 2011 жылы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген.
Пікірлер