
Қасиетті жұма күні өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы барша жамағаттың алдында «Айсұлтан» ЖК ет сататын дүкеніне ҚМДБ-ның «Халал сертификатын» және мекеменің екі қасапшысына қасапшы куәлігі мен мөрін табыстады.
Аталмыш мекеме ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС мекемесінің арнайы тексерісінен өтіп, 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының шарттарына сай екендігі расталды.
«Айсұлтан» ЖК «Фермерский» ет дүкені өнімдерінің өмірлік цикліндегі үрдістер тәуелсіз бақылаушы қызметкер мен онлайн режимде жұмыс жасап тұрған бақылау камералары арқылы Халал Даму ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бақылауында.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері толығымен халал стандарты талаптары бойынша арнайы оқу семинарынан өткізілді.
«Айсұлтан» ЖК
«Фермерский» ет дүкені
Қызылорда қаласы, Шұғыла шағын ауданы, №53/42
Сертификат тіркеу №000198
Байл. тел. 87072129586
Пікірлер