
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің діни кітапханасында өңірлік мешіттердегі «әйелдер-қыздар» бөлімі ұстаздарының қатысуымен жиналыс өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында «2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының жұмыс есебі», «әйел ұстаздардың білімін тұрақты жетілдіру», «тәжірибе алмасу арқылы біліктіліктерін арттыру», «аймақтағы діни тұрақтылықты сақтауда өз үлестерін қосу» секілді мәселелер қаралды.
Жиын соңында, өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ұстаздардың білімін жетілдіру мақсатында «Ақида», «Құран тәжуид» сабақтары бойынша апта сайын сабақтар қойылып, алдағы уақытта түрлі сала мамандарының қатысуымен облыстық оқыту-семинары өткізілетінін хабарлады және тұрақты бекітілген жоспар бойынша қарқынды жұмыс жасауды, «Ислам және отбасы» жылы аясында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруды, білікті мамандардың қатысуымен әйелдер жамағатына арнап түрлі тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер көптеп өткізуді тапсырды.
Пікірлер