
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып өңірдегі діни ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерін мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Маңғыстау өңірінде қызмет атқарып жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрмет көрсетіп, Өкіл имам алғыс хаттар табыс етті. Марат Себасов, Қозыбақова Валентина, Айсара Айтман, Нұрлан Үсен, Еркеш Нәрембаева, Нұржан Есетов, Петриченко Людмила сынды бірқатар журналистердің басын қосып, сый-құрмет көрсетті.
Журналист Еркеш Нәрембаева Бас имамға:
«Біздің еңбегімізді елеп, мерекеде жанымызды жадыратып, ықылас білдіргеніңізге алғыс айтамыз. Халық игілігі жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Барша әріптестерді мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!» - деді.
Пікірлер