Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әйел-қыздар» секторы Күмісбұлақта (ФОТО)
27 маусым, 2018 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласында «Күмісбұлақ» қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Әйел-қыздар секторы» бойынша жиын болып өтті.

Шарада «Ислам және отбасы» жылы аясында рухани жаңғыру бастамасына сәйкес, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, насихаттау, ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының жетекшісі Талшын Зарқымқызы өз сөзінде:

«Біз қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту бағытында шаралар ұйымдастырып отырмыз. «Әйел-қыздар» секторының жұмысын өңір бойынша жаңа бағытта дамып келеді»,- дей келе ұлттық салт-дәстүр құндылығынан салиқалы дәріс берді.

Жиында Серебрянск қала мешітінің шәкірттері, әйелдер, әжелер қатысып, ұлттық тәрбиеге қатысты ойларын ортаға салды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары