Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сансызбай Құрбанұлы Павлодар облысында
27 маусым, 2018 жыл 288 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Павлодар және Екібастұз қалаларында болып, өңір имамдарына 2 күндік семинар өткізді.

Павлодар облысының имам-молдаларына рухани жаңғыру, өзгеруді өзіңнен бастау, исламдағы ізгілік, қоғамдағы тұрақтылық, жайында жан-жақты тақырыптарды қамтыған уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар бүгінгі дін қызметкерлерінің келбеті, іс-қызметіне деген жауапкершілік, дін мен дәстүрді насихаттаудың мәні мен маңызы, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімі, ислам және ғылым, қазіргі діни ахуалды жақсартудың жолдары, т.б. тақырыптар төңірегінде  Павлодар және Екібастұз имамдарына дәріс жүргізіп, насихатын жеткізді.

Уағыз барысында діни сауаттылық; ақида, фиқһге қатысты кейбір мәселелер де сөз болды. Ал жамағатпен кездесулерде  ауызбіршілік, басшыға бағыну жөнінде насихат айтып, алауыздықтан сақ болуға шақырды. Ақшам және құптан намаздарын жамағатпен бірге оқып, берекелі ұрпақтың баянды болашағы мен ел амандығы үшін, бейбіт өмірдің тұрақтылығы үшін дұға жасады

Сансызбай Құрбанұлының дәрісіне Павлодар облысын өкілдігіне қатысты барлық қала, аудан, кент мешіті имамдары және Екібастұз ауданына қарасты барлық ауыл имамдары барлығы 80-ге жуық имам-молда қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары