
Ақтау қаласында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг болып өтті.
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков жергілікті журналистердің алдында мәжіліс өткізіп, өткен жарты жылдағы өңірдегі діни ахуал, мешіттерде атқарылған игі шаралар жайлы айтып өтті. Жыл басынан бері мешіттерде айтылып жатқан уағыз-насихаттар мен сауат ашу курсында жүйелі түрде жүргізіліп отырған сабақтарға тоқталды. Облысымыздағы Алла үйі, мешіттердің де санының артып келе жатқандығы жөнінде де әңгіме қозғады. Маңғыстау облысы бойынша Діни басқарманың филиялы болып тіркелген 33 мешіттің бар екендігін айтты. Аталмыш мешіттерге Нұр-Мүбарак университетін бітірген жас мамандар тартырып жатқандығына тоқталды. Сонымен қатар әлуметтік аз қамтылған отбасыларға мешіттер тарапынан берілетін көмекті де тілге тиек етті. Осы жылдың ішінде 2 мыңға жуық отбасы мешіттерден көмек алды. Өкіл имам атқарылып жатқан шаралар бекітілген кестеге сәйкес жыл соңына дейін өз жалғасын табатындығын атап өтті.
Пікірлер