Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Зайсан мешітіне» әкім көлік сыйлады (ФОТО)
22 маусым, 2018 жыл 228 Басып шығару нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов қасиетті Жұма күні «Зайсан аудандық мешітіне» су жаңа көлік сыйлады.

Аудандық мешіт алдында Т.Қасымжанов сөз сөйлеп, аудандағы діни ахуалды реттеуге аудандық мешіт үлкен бастамалар арқылы, нәтижелі іс-қызмет жүргізіп отырғандығын айта келе, халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңызды екендігіне тоқталып, діни саладағы міндеттерді жүзеге асыруға қолдау ретінде аудандық мешітке көлік сыйлап отырғандығын айтты. Әкім халықтың алдында көлікті аудандық мешітке табыс етті.

«Біздің қызметімізді үнемі қолдап келе жатқан Темірбек Жұмақұлұлына шынай алғыс білдіремін. Аудандық мешіттің жұмысына деген шынайы қолдауды сезініп отырмыз. Біздің мешітіміз Діни басқарманың, өкілдіктің тапсырмаларын жүзеге асыру және асыл дініміз үшін халықтың сенімін ақтау жолында барынша сапалы қызмет атқартын болады» деп атап өтті, Зайсан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы.

Жиналған қауым осынау қуанышты жағдайға ортақтасып, аудан әкіміне шын ықыластарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары