Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талапкерлерді қабылдаудың екінші кезеңі басталды
22 маусым, 2018 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

Жоғары оқу орындарына қабылдау науқанының екі кезеңге бөлінгені белгілі. Алғашқы, яғни маусымның 1-20 аралығында орта мектептің, орта арнаулы кәсіптік оқу орындар,  ЖОО түлектері құжат тапсырулары тиіс. Ал 20 маусым мен 7 шілде аралығында биылғы мектеп түлектері құжат тапсырады.

Нұр-мүбарак университеті де қабылдау науқанының алғашқы кезеңін сәтті аяқтады. Осы орайда Оқу-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Әли Рауфұлын сөзге тарттық:

  • Биыл қабылдау комиссиясы 2018-2019 оқу жылына контингентті қалыптастыру мақсатында 5В021500-Исламтану, 5В020600-Дінтану, 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандықтарына 2018 жылдың 1-маусымынан бастап қолледж түлектері мен мектепті алдыңғы жылдары тәмәмдаған талапкерлерді қабылдау жұмысын сәтті аяқтады. Нәтижесінде исламтану мамандығына – 384 талапкер, дінтану мамандығына – 9 талапкер, Шет тілі: екі шет тілі мамандығына – 5 талапкер, жалпы 398 талапкер құжат тапсырды. Барлығына сәттілік тілейміз.

Енді қабылдау комиссиясы 7 шілдеге дейін биылғы мектеп түлектерінің құжаттарын қабылдайды. Биыл Нұр-Мүбарак университетіне тиесілі «5В021500-Исламтану» бойынша 250 мемлекеттік білім гранты, ал жалпы еліміз бойынша  «5В020600-Дінтану» 100 м.б.гранты бөлінгенін ескерте кетейік!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары