Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Туристік компания басшыларының жиналысы өтті (ФОТО)
22 маусым, 2018 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ тарапынан құрылған 2018 жылғы қажылық миссиясы қарқынды жұмыс жасауда. Биылғы қажылық маусымының жоғары деңгейде өтуі үшін, миссия жұмысының сапасын жақсарту мақсатында тағы бір маңызды жиын өткізді. Ол да қажылықтың дұрыс өтуіне бір білектің күшіндей атсалысатын туристік компания басшыларының жиыны.

Жиналыстың басында сөз алған ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан қажылардың аман-есен барып келуіне жағдай жасауды, сапалы дәрігер мамандарын таңдауды тапсырды. Алдағы уақытта арнайы қажыларға қызмет көрсететін дәрігерлерге де семинар өткізу жоспардағы мәселе екенін айтты. Қажылардың киіміне арнайы байқау өткендігін, бірыңғай киім үлгісінің таңдалғанын да жеткізді. Осылайша фирма басшыларының бірауыздан келісуімен биылғы қажылыққа 3000 қажы бірыңғай киініп баратын болды.

Өткен жылдары құжат мәселесінде қиындықтар болғанын айтқан ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Әлиханов Дәулет, биыл да ондай қиындыққа тап болмас үшін қазірден құжаттарды соңғы үлгіде жаңарту керектігін айтты. Басқа да біршама маңызды мәселелерді қозғады. Оны фирма басшылары өздеріне түртіп алды.

ҚМДБ қажылық қорының директоры, «Тауаф трэвел» туристік компаниясының басшысы Айдар Салқынбаев компанияларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Күрделі мәселе шыға қалса, бірлесіп шешуге болатындығын да жеткізді.

Екі сағатқа созылған жиналыста туристік компания басшылары көкейдегі сұрақтарына жауап алып, біршама мәселелер шешімін тауып жатты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары