2018 жылдың қажылық маусымына дайындық ретінде әрі қажылық миссиясының жұмысын пысықтау мақсатында ҚМДБ қажылық миссиясы қажылық фирмалардың биылғы жылға бекітілген жетекшілерін (гид) сараптамалық сынақтан өткізді. Білімі мен біліктілігі, тәжірибесінен сұралатын сынаққа 18 қажылық компаниясының жетекшілері қатысты.
Сынақты бес адамнан құралған арнайы комиссия: Комиссия төрағасы – ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Бақытжан Дүйсебаев, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі, қажылық қорының директоры Айдар Салқынбаев және ҚМДБ қажылық бөлімінің маманы Қанат Бекжанов қабылдады.
Биылғы қажылықтың ойдағыдай өтуіне бірлесе жұмыс жасап, қандай да бір күрделі мәселе шыға қалса қажылық миссия мүшелеріне хабарлау керектігін ескерткен ҚМДБ қажылық миссиясының төрағасы, Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан:
Комиссия мүшелері жетекшілерге қажылық рәсімдерін орындау барысында қажылардың денсаулығын жіті қадағалауды ескертіп, Қажылардың қажылықтың парызын, уәжібін, сүннетін толық орындауларына көңіл бөлуін, ұмытып кетпеуін қадағалауды да тапсырды.
Пікірлер