
Семей орталық мешіті үнемі қайырымдылық шарасын жалғастырып келеді. Рамазан айы барысында көптеген жандарға қаржылай, азық-түлікпен және басқалай да қайырымдылық шаралары жасалды. Сондай шараның бірі – Қос мұнаралы орталық мешітте тізімде тұрған отбасыларға көмек ретінде ет, азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Шарапаты мол Рамазан айында қайырымдылық жасап, бауырыңа қол ұшын созу үлкен сауапты іс.
Пікірлер