ҚР Президенті интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде ресейлік тілші Алексей Пивоваров Президенттен интернетті мөлшермен таратуға қатысты пікірін сұрады.

«Қиын сұрақ. Бірақ, ұлу секілді тұйықталу қазіргі әлемде мүмкін емес. Бәрі бір айналма жол арқылы үлкен желіге шығудың амалдары бар. Айтар шындығың болса, оны әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатсаң, бір басқа. Мысалы мен үшін Twitter жеке телграф агенттігім сияқты. Twitter тұрғанда журналистерді шақырып, сұхбат берудің қажеті қанша маған? Президенттікке дейін мен Instagram-да жазбайтынмын. Қазір Instagram парақшам тұрақты жаңарып тұрады», - деді ол.

Айта кетсек, «Президент 2.0» деректі фильмінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендерді өз көзімен көргенін еске алған болатын.  Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Саакашвилидің мысалы Қазақстанға неліктен келмейтінін айтты. 

 



© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін