Қызылорда: Үздік жазба авторы анықталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан менің көзіммен» үздік жазба (пост) байқауының жеңімпазы анықталды.

Рамазан айының құрметіне орай, фейсбук және инстаграм әлеуметтік желісін қолданушылар арасында өткізілген шығармашылық жарысқа 30-дан астам тұрғын қатысты. Сайыстың мақсаты - шығармашылыққа баулу, оразаның берекеті мен пайдасын насихаттау.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы Қадір түнінде облыстың бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне келген барша жамағаттың алдында өзгеге ой саларлық ғибратты, әсерлі оқиғалары арқылы ерекше жазбасын ұсынған үздік авторлар:

І-орын Сердәліқызы Шапағат

ІІ-орын Уәли Сағира

ІІІ-орын Тағыберген Абайды салтанатты түрде марапаттап, 30000 тг, 20000 тг, 15000 тг қаржылай сыйлықтарын табыстады.

 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін