
Аптаның алғашқы күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қожамұратов Елбек ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінен берілген арнайы тапсырмасына орай облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің пәтуаға жауапты имамдарына соңғы уақыттарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен жаңа пәтуалар мен нұсқауларды таныстырды.
Келесі кезекте мешіттердегі «Әйелдер-қыздар секторына» жауаптылар мен әйел ұстаздарға аталмыш семинар жүргізілді. Семинар барысында 2019 жыл шыққалы жаңадан бекітілген «Жасанды кірпік және тырнақ жалғаудың үкімі», «Хайыз кезде құран оқу үкімі», «Тіске пломба немесе қаптама салу үкімі», «Харам затты сатуға бола ма?», «Кесілген дене мүшелерін жерге көму үкімі», «Пойызда, ұшақта және қатынас көліктерінде намаз оқу үкімі» қатарлы көптеген пәтуалар толығымен таныстырылды.
Имамдар мен ұстаздар жаңа пәтуалармен танысып, кейбір сұрақтар бойынша толық жауабын алды.