Астана: Тігіннен тегін мастер-класс өтті

«Нұр Астана» мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубы тігіннен мастер-класс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Кәсіби тігіншілер Әлжан Айнұр  мен Байділдина Арайлым «Жібек» клубының мүшелеріне ұзын етекті көйлек тігуден тегін мастер-класс өткізді. «Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» демекші, өнерлі қыздар алдағы уақытта да тігін тігіп үйренуге ықыласты қыз-келіншектер үшін тегін мастер-класстар жалғасын табатынын айтты.

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева өз кезегінде Айнұр мен Арайлымға уақыты мен білімін бөлісіп, игі іске атсалысып жатқаны үшін алғысын білдірді.


 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін