
Бас мүфти бұйрығымен «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. Кеше өкіл имам Төлеби Оспан Мәди Орынбайды жамағатқа таныстырды. Жаңа имамның қызметіне сәттілік тіледі.
Мәди Орынбай «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде діни білім алған. Бұған дейін Мұғалжар аудандық мешіттерінде Бас имам, Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, т.б. қызметтерді атқарған.