Шығыстың имамдары марапатталды (ФОТО)

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы діни бірлестік жетекшілерінің кезекті басқосуы болып өтті.

Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы, Өскемен, Семей өңірінің имамдары мен Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Т.Жігітаев және басқа діни бірлестік жетекшілерімен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз алып,

«Біздің еліміздегі дінаралық татулық тікелей Елбасы саясатының жемісі. Біз өкілдік тарапынан Өскемен өңірінде дінаралық тұрақтылықты сақтауды басты орынға қойып, рухани келісімге барынша мән беріп келеміз» деп айырықша атап өтті

Жиында облыстық Дін істері басқарамасының басшысы Т.Жігітаев облыста конфессияаралық келісімді сақтаудағы қосқан үлесі үшін Өскемен өңірінен Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы, Қатонқарағай ауданы «Қабдығали ата» мешітінің бас имамы Елдос Аманғараев, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы, Семей өңірінен «Қос мұнаралы мешітінің» наиб имамы Бегзат Баешев, Үржар ауданының бас имамы Нұрзат Итчановтар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін