ШЫМКЕНТ: Орталық мешітке Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы Елшісі келді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық «Halifa Al-Nahain Aqmeshiti» мешітіне  Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі доктор Мұхаммед Әл-Жабир мырза келді.

Мәртебелі қонақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық ««Halifa Al-Nahain Aqmeshiti» мешітінің Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев күтіп алып, мешіттің тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп берді.

Осыдан кейін, мәртебелі қонақ доктор Мұхаммед Әл-Жабир мырза жұма намазына қатысып, жұма алдында жамағатты «Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтады.

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін