Center Image
IHSAN.KZ
Құранды 3 күнде үйренеміз

«Таугүл-3» мешіті Құранды тез үйрену әдісі арқылы оқытуды қолға алды. Алғашқы аптасында Құранды оқып үйренеді екінші аптасында тәжуитті меңгеріп шығады. Егер алғыр болса яғни қабылдау қабілеті мықты болса ең азы үш күнде құранға түседі.

Мешітімізде Құранды тез оқып үйрену әдісі арқылы екі апта бойы шәкірттер оқытылды, осы екі аптада 80-ге жуық шәкірттер құранға түсті. Соған байланысты мешітімізге арнайы ҚМДБ-ның Оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Бақтыбай ұстаз және Фатуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Шоханов Сансызбай ұстаз келіп, осы Құранды тез оқып үйрену әдісімен танысты.

Әуелі мешітіміздің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар ұстаз сөз сөйлеп, келген қонақтарға осы құранды тез үйрену әдісінің пайдасы мол екенін айтып жалпы жаңадан келген жамағатымызға таныстырып, сөз кезегін Садықов Ерлан ұстазға берді. Ерлан ұстаз барша қонақтарымызға құран оқуды тез үйрену әдісімен бүге шүгесіне дейін таныстырды.

ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай ұстаз бұл әдіс өте жеңіл әрі қолайлы екенін айтып болашақта барлық мешіттеріміздің бәрінде осы әдіс арқылы оқытуға болатындығын айтып өтті. Құптан намазының алдында Сансызбай ұстаз барша жамағатымызға керемет уағыз насихат жүргізді.

[gallery link="file"] muftyat.kz

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz