Қарағанды қалалық “Хазірет Әли” мешітінде уақып қорының маңызы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Шара барысында мешіт имамы уақыптың исламдағы орны мен оның қоғамға тигізетін пайдасын кеңінен түсіндірді. Уақып – игі істердің тоқтамай жалғасуына себеп болатын сауапты амал екені, сондай-ақ мешіт, білім беру, әлеуметтік көмек сияқты салалардың дамуына үлкен үлес қосатыны атап өтілді.
Уағызда қайырымдылық пен тұрақты сауап қалдырудың маңызы айтылып, жамағат уақып арқылы жасалған игі істердің қоғам игілігіне ұзақ мерзім қызмет ететінін түсінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы