Қарағанды қалалық “Хазірет Әли” мешітінде Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды рухани шара өтті. Іс-шара барысында мешіттің бас имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа арнайы насихат айтып, “Өнегелі отбасы – қоғам байлығы” тақырыбын кеңінен қозғады.
Уағыз барысында имам отбасының қоғамдағы орнына тоқталып, берекелі шаңырақ құруда имандылық, сыйластық, жауапкершілік және ата-ана тәрбиесінің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, отбасындағы өзара түсіністік пен мейірім – қоғам тұрақтылығының негізі екенін жеткізді.
Шараға қатысқан жамағат рухани мазмұндағы насихатты ықыласпен тыңдап, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған мұндай кездесулердің маңызын жоғары бағалады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы