Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Халықаралық отбасы күніне орай жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға арналған «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында насихат айтылды.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті және исламдағы отбасы құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ынтымақ пен мейірімге негізделген жанұяның берекелі қоғам қалыптастырудағы маңызы насихатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы