Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай “Таза Қазақстан” акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға қала жастары белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытында игі іс атқарды.
Акцияның негізгі мақсаты – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды тазалыққа, жауапкершілікке баулу. Шара барысында қатысушылар мешіт аумағы мен қаладағы қоғамдық орындарды тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, табиғатты қорғаудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары да ұйымдастырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы