Қарқаралы ауданы Қарабұлақ ауылдық мешітінің имамы Ербол Нұрғабденұлы жергілікті емхана қызметкерлерімен «Жат ағымдардың зардабы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам қазіргі қоғамдағы діни ағымдардың ерекшеліктеріне тоқталып, дәстүрлі діннен адастыратын теріс идеологиялардың қауіпті тұстарын түсіндірді. Сондай-ақ, жат ағымдардың адам санасына, отбасы құндылықтарына және қоғам тұрақтылығына тигізер кері әсері кеңінен баяндалды.
Шарада қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты әрі тұшымды жауаптар берілді. Әсіресе, жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау, діни сауаттылықты арттыру және ақпаратты сенімді дереккөздерден алу мәселелері ерекше назарға алынды.
Кездесу соңында имам жиналғандарды бірлік пен ынтымақты сақтауға, дәстүрлі құндылықтарды ұстануға шақырып, мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы