Абай аудандық мешітінің наиб имамы Жардыбай Ережеп мешіт жастарына «Жастар әдебі» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастардың бойындағы әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдағы жауапкершілік сынды маңызды құндылықтарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы жастар тәрбиесінің маңызы мен олардың дұрыс бағытта қалыптасуы жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер жас буынның рухани дамуына оң әсерін тигізіп, имандылыққа баулуда маңызды рөл атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы