Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті

22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында еріктілер мен мешіт жамағаты бірігіп, мешіт ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл бастама қатысушылардың жоғары белсенділігімен өтті.

Игі іс-шараның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және келешек ұрпаққа таза, көркем орта қалдыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz