Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық қоры» бағыты аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Іс-шара мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының ұйымдастыруымен және жамағаттың демеушілігімен жүзеге асырылды.
Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 5 отбасыға азық-түлік пен қажетті көмек көрсетілді.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын нығайту, мұқтаж жандарға жүйелі қолдау көрсету және қайырымдылық мәдениетін дамыту.
Бұл игі шара мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы тұрақты жобаларының бірі ретінде жамағат пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы